383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеу тұрғындары қазақтардың мәдени мұрасымен танысады

  • 746
Мәскеу тұрғындары қазақтардың мәдени мұрасымен танысады http://astana.gov.kz/

Ресей астанасында 19-20 қыркүйекте Астана мәдениетінің күндері атап өтіледі. 

Бұл күндердің басты көзайымы ежелгі көшпенділердің этноауылы болмақ. Бұл экспозиция Мәскеудегі атақты Ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде жұрт назарына ұсынылады. Ауылдан «Ақ Орда», «Аңшының үйі», «Қолөнер шеберлерінің үйі» деген тақырыпқа сай жарақталған киіз үйлерді аралауға болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Келушілер бұл үйлерді аралап ғана қоймай, өз қолдарымен киіз үй тіге алады. Сондай-ақ бұл жерден қымыз бен шұбаттан да дәм татуға болады. Шара аясында фольклорлық ұжымдар сахнада өнер көрсетіп, қолөнер жұмыстарының жәрмеңкесі өткізіледі. 

Мұнымен қоса, этноауыл аумағында ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған павильон жұмыс істейді.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы