384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенатта бюджет үдерістерінің ашықтық мәселесі талқыланды

  • 524
Сенатта бюджет үдерістерінің ашықтық мәселесі талқыланды liter.kz

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Қазақстандағы Халықаралық бюджет әріптестігінің атынан келген Сандж зерттеу орталығы Қоғамдық қорының президенті Жанар Жандосовамен кездесті.

Р.Ахметов үш жылдық кезеңдегі республикалық бюджет туралы заң жобаларының Парламентте қаралу барысы, республикалық және облыстық бюджет арасындағы трансферттер көлемі туралы әңгімеледі. Сенатор бюджетті қалыптастыруды тиімді бақылауға және жұртшылықтың бюджет үдерістеріне кеңінен қатыстыруды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерге парламентшілер ерекше назар аударатынын атап өтті.

Ж.Жандосова өз кезегінде бюджет үдерістерінің ашықтығын одан әрі арттыруға және бюджеттің негізгі көрсеткіштерін қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлін ұлғайтуға бағыттылған нақты ұсыныстар айтты. 

Хабар 24 телеарнасы