384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«KazEOSat» суреттері шет елге 116 миллион теңгеге сатылды

  • 577

«KazEOSat» ғарыш аппараты түсірген суреттер шет елге 116 миллион теңгеге сатылды. Бұл туралы «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттык компаниясы президентінің орынбасары Айдын Айымбетов айтты. Суреттерді көбіне Африка елдері сатып алған. Айымбетовтің айтуынша, болашақта бұл ақша 200 миллионға жетуі мүмкін. Ал мемлекеттік органдар үшін KazEOSat арқылы алынған суреттердің құны 6,27 миллиард теңгеге шықты. Ол суреттер 10 миллион шаршы шақырым аумақты қамтыды. Жалпы мұндай түсірілімдердің көбі геодезия, картография, ауыл шаруашылығы, құрылыс, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларында қолданылады. Алдағы уақытта компания заманауи технологияларды дамытып, жаңа жобаларды іске асырмақ. Мәселен, 2017 жылы мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізінде, түрмеге қамалған азаматтарды бақылау жүйесі қолға алынады деп жоспарлануда.

Еркін Шаймағамбетов, ҚР ИДМ аэроғарыш комитетінің төрағасы:

- Қазір алдымызда тұрған негізгі тапсырмалардың бірі - ғарыш инфрақұрылымын тиімді пайдалану. Соның арқасында экономикадағы мәселелердің көбін шешуге болады. Түсірілім жасаумен қатар, басқа да ақпаратпен қамтамасыз ете аламыз. Сондай-ақ, «Қазақстан ғарыш сапары» отандық 15 байланыс операторы мен ұйымдардың қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы