384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

World skills Kazakhstan байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 856

World skills Kazakhstan ұлттық чемпионаты мәреге жетті. Жүзден жүйрік шыққандар Қазақстан намысын халықаралық байқауда қорғайды. Үміткерлер мейрамхана ісі, кондитер, шаштараз, желілік және жүйелік басқару, дәнекерлеу, сырлау сынды 15 аталым бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұл бастама Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде қолға алынған. Яғни еңбек қоғамын құрып, жұмысшы мәртебесін арттыруды мақсат етеді. Сайысқа еліміздің 16 өңірінен 140 үміткер қатысты. Түркия үкіметі жанындағы Тika ұйымы - чемпионаттың негізгі демеушілерінің бірі. Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара ынтымақты одан әрі нағайтуды көздейтін ұйым осы байқауда көзге түскен 45 үміткер мен 15 ұстазды Түркияға жіберіп, біліктілігін арттыруға мұрындық болмақ.

Али Ихсан Чаглар, Tіка ұйымының Қазақстандағы өкілі:

- Түркия республикасы Үкіметі жанындағы Тика ұйымы 5 құрлықтағы 54 мемлекетте білім, мәдениет, экономика, денсаулық сақтау, технология сынды кез-келген бағытта ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыратын әлемдегі көшбасшы ұйымдардың бірі. Өткен төрт жыл ішінде 311 қазақстандық азамат тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша Түркияда өз біліктілігін жетілдірді. Бұл жолы да біз жастарға мол мүмкіндік беруге дайынбыз. 

Хабар 24 телеарнасы