384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та полиция 13 жастағы жасөспірімді атып өлтірді

  • 426

АҚШ-та тағы бір жасөпірім полиция қолынан қаза тапты. Огайо штатының Колумбус қаласында тәртіп сақшылары 13 жастағы жасөспірімді атып өлтірген. Қарақшылардың ізіне түскен полицейлер үш жігітті тоқтатады. Екеуі қаша жөнелген сәтте үшіншісі қалтасынан тапанша суырып алған. Тәртіп сақшыларына оқ атуға тура келіпті. Кейін жасөспірімнің қолында пневматикалық қару болғаны анықталды.

Рич Вайнер, Колумбус полициясының өкілі:

- Тәртіп сақшылары, қарамағындағы ауданда болған қарулы тонау ісін тергеген. Жәбірленген кісімен сөйлесіп, қарақшылардың келбеті мен қайда кеткенін анықтады. Қылмыскерлерді маңайдағы аулалардың бірінде тапқан. Олардың біреуі тапаншаны суырып алғаннан кейін, полиция оқ атуға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы