389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл «Денсаулық жолы» 300 мыңнан астам адамды медициналық тексеруден өткізді

  • 641
Биыл «Денсаулық жолы» 300 мыңнан астам адамды медициналық тексеруден өткізді Фото: www.tubdis.kz

«Денсаулық жолы – 2016» акциясының аясында екі айдың ішінде жылжымалы медициналық кешендерімен республиканың шалғай аймақтарындағы ауылдық жерлерге барған терапевтер және бейінді мамандар 307965 адамды медициналық тексеруден өткізді. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

119364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оның ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51-інен туберкулез ауруы анықталды. Пациенттер ары қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге жіберілді.

98 18 ауыл тұрғынына зертханалық, 61034 адамға аспапты зерттеу жүргізілді.

20982 тексерілген адамдардың ішінен қауіп-қатер факторлары, оның ішінде 8781 адамда темекі шегу, 3939 адамда ішімдікті пайдалану, 8262 адамда денедегі артық салмақтың бар екені белгілі болды.

8167 адамда созылмалы жұқпалы аурулардың, 5494 адамда қан айналымы жүйесінің (артериалдық қысымның артуы, ЭКГ-дағы өзгерістер), 2673 адамда қант диабетінің (диабеталды, ашқарындағы глюкоза деңгейінің ұлғаюы жағдайлары) белгісі анықталды.

Маңызды патологиялары бар пациенттер облыстық орталықтарға тексеруге жіберілді. 

Хабар 24 телеарнасы