389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында жаңа көпір салынды

  • 2408

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында теміржолды қиып өтетін көпір салынды. Ауыл өңірдегі ірі шойын жол магистралі бойында орналасқан. Тұрғындар елу жыл бойы вагондардың астынан өтіп, өткелдің азабын тартып келген еді. Демеуші компанияның арқасында бұл мәселе оң шешімін тапты. Енді жұртшылық пойыздарды айналып жүрмей, көпірдің үстімен жүретін болды. Құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылған. Жобаның жалпы құны 48 млн теңге. Бір жылдың ішінде салынып біткен көпірдің биіктігі 8, ұзындығы106 метр.

Мұхтар Мүтәллапов, Шетпе ауылының әкімі:

 

- Былтыр облыс басшысы Шетпе селосына келген кезде ардагерлеріміз ұсыныс берген болатын. Тиісті тапсырмалар беріліп, осы көпір салынды. Қауіпсіздік шараларын алып, халықтың тиімді пайдалануына көпір салынғаннан кейін көп мәселе шешіледі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы