384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістан мешітіндегі жарылысты тәліптер ұйымдастырған

  • 519

Пәкістанда мешітте болған жарылысты «Талибан» қозғалысының мүшелері мойнына алды. Оқыс оқиға Ауғанстанмен арадағы шекараға жақын орналасқан ауылда болған. Жанкешті 200-дей адам жиылған құлшылық үйінде өзін-өзі жарып жіберген еді. Салдарынан 25 адам ажал құшып, тағы 30-дан астамы жараланды. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр халде жатқандар да аз емес. Жарылыстан мешіттің бір бөлігі опырылып құлаған.

Хабар 24 телеарнасы