384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Париж көшелерін мекендеген босқындар көшірілуде

  • 460

Полиция Париж көшелерінде бірнеше ай бойы тұрған 1930 босқынды қала сыртындағы уақытша 74 баспанаға күштеп көшірмекші. Соңғы кезде қалада мигранттардың қарасы қалыңдай бастады. Баспанасыз босқындар өз беттерінше лашықтар тұрғызып, сонда тұрып жатыр. Жергілікті тұрғындардан арыз қарша бораған соң, полиция осы қалашықтарды жоюға кірісті. Мұндай шаралардың ірісі 22 шілдеде өткен еді. Ол кезде екі жарым мың мигрант көшірілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы