384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда өлке тарихынан сыр шертетін жәрмеңке өтті

  • 570

Көкшетауда елден ерекше жәрмеңке өтті. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мұрындық болған шара барысында жұртшылық 19 және 20-сыншы ғасырлардағы тұрмыстық бұйымдарды қаз-қалпында көре алады. Үш кезеңнен тұратын көрменің алғашқы бөлімі Әлихан Бөкейхановтың шығармашылығына арналса, өзгесі дәстүрлі жәрмеңке ретінде өтті. Қала тіршілігінен сыр шертетін көрмеге келген көпшілік құдды бір сол дәуірде жүргендей әсерге бөленеді. Олар тіпті, бәссаудада ежелгі монеталарды да сатып алуда. Көне заманғы көпестердің бұйымдары мен ұлттық киімдерді де осы жәрмеңкеден көруге болады.

Зере Қиықова, қала тұрғыны:

- Біздің алған әсеріміз өте жақсы болды. Үш жобаның үшеуі де керемет өтіп жатыр. Осындай шараны жиі өткізсе екен деп ойлаймыз. Себебі, бұл жастарымызға керек. Арбаның өзін көріңізші. Көп адамдар ол арбаны білмейді де. Қазір мына машинаға үйреніп алған. Енді сол арбаның өзі керемет қой. Анау далада келе жатқанда, таза ауада, пәлен шақырым, 25, 30, 50 шақырымға дейін біздің ата-бабаларымыз осы арбаға отырып, әнді салып, сөйтіп отырған.

Хабар 24 телеарнасы