384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда жаңа туристік жоба жүзеге асады

  • 1004

Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында жаңа туристік жоба жүзеге асырыла бастады. Өңірдегі Сибин көлі Өскеменнен бір сағаттық жерде жатыр. Сондықтан мұнда адам аяғы сиреген емес. Суға түсу маусымы көп өңірде жабылғанмен, Сибин көлінің жағасы әлі де ашық.

Табиғаты тамаша өлкеде биылғы жаздың өзінде 15 мыңнан астам адам демалған. Олардың тең жартысы ресейліктер екен. Бұдан былай Ұлан ауданында туристерге қызмет көрсетудің сапасы жақсара түспек. Келесі жылы көлдің жағасы халықаралық стандартқа сай келетін, муниципалдық жағажайға айналады. Ал қасынан жанға жайлы этноауыл бой түзейді. Жобаны жүзеге асыру үшін 220 млн теңге қажет. Қазірдің өзінде жұмысты бастау үшін облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінді.

Дулат Қажанов, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:

- Биыл Өскемен-Сібе көлдеріне жол салу көзделген болатын. Ол қазіргі таңда салынып бітті. Жолымыз жақсы. Ендігі мақсат - осы демалыс базаларында инженерлік инфраструктураларын құру.

Хабар 24 телеарнасы