383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр

  • 705

Батыстың Арқаға тартуы. Астанада Атырау және Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Алыстан ат шалдырып әкелген тауарларды алуға ағылған елорда тұрғындарының қарасы қалың. Олардың айтуынша, мұндағы баға нарықтан 15-20 пайызға арзан. Мәселен, картоп пен сәбіз 50 теңге, сиыр мен жылқы етінің келісі 1000 теңгеден басталады.

Сауда-саттықпен қатар салтанат құрған батыстық өнерпаздар әннен шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Еске сала кетейік, Астанада мұндай өңірлік жәрмеңкелер апта сайын өтеді.

Әлібек Наутиев, Атырау облысы әкімінің орынбасары:

- Шаруа қожалықтарының 36-ы келіп тұрған жайымыз бар. 92 тонна өнім әкелдік. Оның ішінде ет, сүт өнімдері мен көкөністер бар.

Хабар 24 телеарнасы