383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нигерде 38 содырдың көзі жойылды

  • 431

Нигердің қарулы күштері «Боко Харам» лаңкестік тобындағы 38 содырдың көзін жойды.

Елдің оңтүстік-шығысында жүргізілген арнайы операция кезінде ірі көлемде қару-жарақ тәркіленген. Қақтығыс кезінде үкімет жасағының екі сарбазы жарақат алған. Дегенмен дәрігерлер олардың өміріне төнетін еш қауіп жоқ деп отыр.

Айта кеткен жөн, «Боко Харам» лаңкестері негізінен Нигерияда әрекет етеді. Топ мүшелері көршілес Нигер, Чад және Камерунға да шабуыл жасаудан тайынар емес. 

Хабар 24 телеарнасы