378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Суданнан миллионнан астам адам кетіп қалған

  • 602

Оңтүстік Суданнан көрші елдерге босып кеткен халықтың саны бір миллионнан асты. Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді.

Босқындардың дені Уганда, Кения, Конго Демократиялық Республикасы мен Орталық Африкада бас сауғалаған. Халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл азаматтарға көмектесу үшін 700 миллион доллар қажет. Алайда бүгінде оның 20 пайызы ғана жиналған.

Естеріңізде болса, шілденің басында Оңтүстік Суданда үкімет жасағы мен вице-президент жақтастары арасында қарулы қақтығыстар басталған еді. Салдарынан 300-ге жуық адам құрбан болды. 

Хабар 24 телеарнасы