379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Джерсиде марафон басталар алдында жарылыс болды

  • 830
Нью-Джерсиде марафон басталар алдында жарылыс болды фото: AP

Нью-Джерси штатындағы Сисайд-Парк қаласында қайырымдылық марафоны өткізілмек болған жердің жанында қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылды. Бұл туралы жергілікті NBC телеарнасы хабарлайды.

Арнаның мәліметтері бойынша темір құбыр қиындыларынан және жарылғыш заттан жасалған құрылғы жарыс өтетін трассаның жанындағы қоқыс багында болған. Ол жергілікті уақыт бойынша 09:30-да (Астана уақытымен 19:30-да) іске қосылған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Негізі бұл марафонға 5 мыңға жуық адам қатыспақ болған. Алайда бұл оқиғадан кейін жарыс болмайтын болды. Полиция жарылыс болған жерді қоршап, жақын маңдағы көшелерді жауып тастады. Оқиғаны тергеуге ФТБ (ФБР) кірісті.

Хабар 24 телеарнасы