384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда брендтік тауар белгісін заңсыз пайдаланғандар ұсталды

  • 682

Алматыда брендтік тауар белгісін иемденіп, жалған тауар сатушыларды анықтау мақсатында арнайы рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде бірқатар тауар белгісін заңсыз пайдаланғандар ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Осындай пайдакүнемдік салдарынан брендтік компаниялардың беделіне нұқсан келумен қатар кәсіпкерлік сала да шығынға батып жатыр. Мәселен, автосервис пен бөлшек саудадағы брендтік компаниялар табысының 50 пайызынан қағылады екен.

Бұл Алматыдағы ірі сауда орындарының бірі. Мұнда киім-кешек пен тұрмыстық бұйымдардың сан алуан түрі бар. Көбі әлемге танымал сауда белгілерімен саудаланып жатыр. Алайда оның біразы жалған болып шықты.

Заңсыз тауар сатушыларды анықтау үшін барлық сауда нүктелерін аралау міндетті емес. Бұл іспен кәсіпкердің арызы бойынша жұмыс істейтін заңгерлер айналысады.

Жанат Нұрмағамбетов, заңгер:

- Шетелдік тауарды заңды сататын саудагерлер атынан арыз-шағымдар жиі келеді. Біз оларды қарастырамыз. Тауар белгісін рұқсатсыз пайдаланғандармен күрес жүргіземіз.

Ондай саудагерлерге алдымен ескерту жасалады. Егер ол жалған «брендті» саудалай беретін болса, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Тельман Ағыбаев, Қалалық Әділет департаментінің бөлім жетекшісі:

- Алматы қаласының Әділет департаментімен бүгінгі таңға дейін 30 шақты әкімшілік хаттама толтырылып, оның 25-і сотпен қаралды.

Осындай тексеру барысында өз тауарын танымал компания атынан ұсынып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандардың тауары тәркіленеді. Ал егер оның саудалаған заттары 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінен асып кеткені анықталса, онда қылмыстық іс қозғалады.

Авторлары: Алмас Сәдуақас, Ернар Сайлаубаев

Хабар 24 телеарнасы