387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия билігі босқындарды еліне қайтару үшін арнайы білім береді

  • 616

Германия билігі жан-жақтан ағылған босқындарға жаңа шарт ұсынбақ. Олар елге келген келімсектерді өз өлкесіне қайтару үшін арнайы мамандыққа оқытады. Бұл туралы Германияның даму және экономикалық әріптестік министрі Герд Мюллер мәлімдеді. Айтуынша, Еуропада босқын мәртебесін алу үшін екі жылдай уақыт кетеді. Осы аралықта мигранттардың жұмыс істеуіне тыйым салынған. Олар бос сенделіп, күйзеліске түсуі де мүмкін. Сондықтан босқындарға еліне қайтуға ұсыныс жасалады. Алайда кетерден бұрын олар Германияда дәнекерлеуші, темір ұстасы немесе кәсіби құрылысшы мамандықтарын оқуға мүмкіндік алады. Жобаны жүзеге асыруға алғашқы кезеңде шамамен 100 мың еуро қажет. «Уелт» басылымының мәліметінше, билік бүгінде осы мақсатта 25 миллион еуро бөліп те қойған.

Хабар 24 телеарнасы