389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шайыр ауылында спорт кешені ашылды

  • 1844
Шайыр ауылында спорт кешені ашылды

Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында спорт кешені ашылды. Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекенде мұндай ғимарат бұрын-соңды болған емес. Тұрғындардың арман-тілегін жергілікті кәсіпкер орындады. Спорт нысаны соңғы үлгідегі құралдармен жарақтанған. Жобаны жүзеге асыруға 43 млн теңге жұмсалыпты. Әзірше мұнда дзюдо мектебі жұмыс істеп тұр. Онда 20-ға жуық жасөспірім жаттығуда. Келешекте өзге де спорт үйірмелерін ашу да ойда бар.

Қарамырза Тәжиев, Шайыр ауылының тұрғыны:

 

- Ауылдықтар түгелімен қуанышты. Себебі балаларын осы спорт мектебіне беріп, болашақта Олимпиада чемпиондары шықса деген тілегі бар.

Хабар 24 телеарнасы