388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2 жылда 14 мың пәтерлі тұрғын үй салынады

  • 817

Елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында алдағы екі жылда 14 мың пәтерлі тұрғын үйлер салынады. Таразда аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалада келесі жылға дейін жалпы аумағы 37 мың шаршы метр болатын көпқабатты 6 тұрғын үй бой көтереді. Ол үшін 4,3 миллиард теңге бөлінген. Жоба толық аяқталғанда пәтер кезегінде тұрған 500-дей адам баспаналы болмақ. «Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар көмегімен кезекте тұрғандардың саны жылдан-жылға қысқарып келеді», - дейді мамандар. Айта кету керек, Үкіметтің қолдауымен еліміз бойынша алдағы 10 жылда жалпы аумағы 4,5 миллион шаршы метрлік тұрғын үйлер салу жоспарда тұр.

Әділет Ахатаев, облыстық құрылыс және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Бүгінгі таңға 6 үй бойынша конкурстық процедуралардың бәрі өтті. Жеңімпаздар анықталып келісімшартқа отырды. Қазіргі таңда бастапқыда кезең бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осы 2017 жылдың тамыз айына тапсыру жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы