383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғажайып шаһардың 1000 жылдық мерейтойы

  • 1343
Ғажайып шаһардың 1000 жылдық мерейтойы

Алатау бөктеріндегі ару қала Алматыға мың жыл. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Алматы - Орталық Азиядағы ірі қаржылық, экономикалық әрі мәдени мегаполиске айналған шаһар. Бүгінде 2 миллионнан астам тұрғыны бар қала жыл санап өрісі кеңейіп, өсіп-өркендеп келеді. Еліміздің қаржылық орталығы һәм мәдени ордасы дәл бүгін Мыңжылдық мерекесін тойлап жатыр. Талайды тамыры терең тарихымен таңқалдырып, елден ерек алмасымен де тамсандырған Алматы жыл сайын қанатын кеңге жайып, ажары ашылып келеді.

Ал дәл бүгін Мыңжылдық мерейтойын мерекелеу сан алуан шаралармен жалғасып жатыр. Қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі. Тұңғыш Президент саябағында 7 түрлі мәдени ойын-сауық бағдарлама әзірленген. Бұл жерде ән мен би байқауы, Алматының әсем келбетін суреттеу, түрлі бұқаралық спортық ойындар өтуде. Дәстүрлі «Алматы апорты» көрмесі де елді елітіп, жұртты қызықтыра түсуде. Әйгілі апорттың жұпарын иісін жұтып, тіл үйірер дәмін татуға да болады. Мереке құрметіне жетісулық 30 шаруа қожалығы Apple Fest көрмесіне 100 тонна алма әкеліп, көпшілікке ұсынып отыр.

Сонымен қатар Алматының демалыс аймақтарында түрлі байқаулар мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер қойылады. Жалпы Алматы тарихы туралы жазба деректер моңғол, қытай, араб-парсы жазбаларында да бар. Ал Алматы атауы орта ғасырда қалыптасқан. Үлкен, орта және кіші Алматы өзендерінің бойында үш қала болған. Археологтар сол үш шаһардың да Алматы деп аталғанын айтады. XIII ғасырдағы «Алмату» деген жазуы бар тиынның табылуы ғалымдардың пайымын нақтылай түсті. Сол шаһарлардың бірі қазіргі Шекара академиясының, екіншісі ботаника бағының астында жатыр. Ал үшіншісі Алма-Арасанға барар жолдың бойында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы