383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда еркін сауда келісіміне қарсы наразылық шарасы өтті

  • 562

Германияда мыңдаған адам шеруге шығып, АҚШ-пен арадағы еркін сауда келісіміне қарсы наразылық танытты. Ең көп адам Берлин мен Гамбург қаласында шыққан. Олардың әрқайсысында 70 мыңдай адам орталық көшелерімен жүріп өтті. Франкфургте наразылық акциясына 50 мыңдай адам қатысты.

Германияның 30 ұйымы мен кәсіподақтар сауда келісімімен келіспейді. Олардың айтуынша, америкалық компаниялар елге келген күні дүкен сөрелерінде генетикалық жетілдірілген өнімдер пайда болады. Ал ол Еуроодақтың тұрмыс сапасын айтарлықтай нашарлатады. Және нарықтағы бәсеке күшейіп, жұмыс орындарынан қағылуымыз мүмкін деп қауіптенеді шерушілер.

Петер, шеруші:

- Келісім қабылданғанын қаламаймын. Еуропалық стандарттар артық, сол күйінде қала берсін, керісінше әлеуметтік пен табиғи стандартарымыз жақсара берсін.

Бенте, шеруші:

- Демократиямызға қауіп төніп тұр. Осы келісімнен тек ірі концерндер пайда көреді. Осы концерндердің құлына айналғым келмейді.

Хабар 24 телеарнасы