387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирияда жасақшылар қайырымдылық көмекті жібермей отыр

  • 520

Сирияның қоршауда қалған Алеппо қаласы тұрғындарына екі күннен бері қайырымдылық көмек жетпей жатыр. Себебі оған аймақтағы көтерілісшілердің іс-әрекеті кедергі келтіруде.

Сирия армиясының Еркін әскері Кастелло күре жолындағы бекіністерінен кетпей осы жолмен қозғалған көліктерді үздіксіз атқылап жүр. Дегенмен, халықаралық ұйымдар жексенбіде көмекті жеткізуге қайта тырысады. Жуырда жасақшылар Алеппоның тұрғын аудандарын 26 рет атқылап, үш тұрғын қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы