377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі парламент сайлауы «Единая Россия» партиясының жеңісімен аяқталды

  • 759

Енді мемлекеттік думадағы 450 орынның 343-і жеңімпаз партия мүшелеріне тиесілі. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Сайлаушылардың жартысынан көбі жетекші саяси партияны қолдап дауыс берген. Бүгін бюллетеньдердің 93%-ын өңдеп болған Орталық сайлау комиссиясы осындай деректі алға тартты.

Ресей парламентінің төменгі палатасына сондай-ақ коммунистер және либерал-демократтар мен социал-демократтар да өтті. Алғашқы екеуі шамамен 13%-дан дауыс жинады. Ал «Справедливая Россия» 6% дауысқа ие болды. Қалған 10 партия қажет дауысты жинай алмады. Дауыс беруге сайлаушылардың 48%-ға жуығы қатысыпты. Елдегі сайлау барысын Ресей мен шетел бақылаушылары қадағалады, олардың арасында қазақстандық мәжілісмендер де болды.

Асқар Базарбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мен бақылаушы ретінде бұрын-соңды болмаған жариялылықты, ақпараттық ашықтықты атап өткім келеді. Сайлауға дайындық барысында барлық саяси партиялар, барлық кандидаттар тең мүмкіндіктерге ие болды. БАҚ құралдары олар туралы ақпаратты тең дәрежеде таратты, өз кезегінде мұның бәрі сайлаушылардың дұрыс таңдау жасауына көмектесті.

Николай Булаев, РФ ОСК төрағасының орынбасары:

- Бұл сайлау Ресей мүддесі үшін маңызды еді. Ресей бүгін, меніңше, өз міндетін атқару үстінде. Біз үшін Ресейде осындай тұрақты, түсінікті, жағдайдың қалыптасқаны аса маңызды. Ол бір жағынан бұрыннан келе жатқан тұрақты жайттардың сақталып қалғанын білдірсе, екінші жағынан елдің дамуына ықпал етеді. Ал бұған біздің достарымыз, көршілеріміз, жалпы бәріміз аса мүдделіміз.

Хабар 24 телеарнасы