381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Орталық Азияда су тапшылығы 40%-ға ұлғаюы мүмкін

  • 2052

20 жылдан кейін Орталық Азияда су тапшылығы 40%-ға ұлғаюы мүмкін. Мұндай пікірді әлемдегі 230 су ресурсына ғылыми зерттеу жүргізген Дүниежүзілік банк сарапшылары мәлімдеді.

Алматыда басталған «Су ресурстарының болашағы» атты халықаралық конференцияда трансшекаралық өзендердің мәселесі де талқыланды. Мысалы, Ресейден ағып келетін Жайық өзеніндегі су мөлшері бүгінде 40%-ға төмендеген. Сондай-ақ Қытайдан келетін Қара Ертіс пен Іленің жағдайы да алаңдатады.

Қазақстан көршілес елдермен бірнеше мәрте келіссөз жүргізгенімен, өзендерде су мөлшері ұлғаяр емес. Ал бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына және экономикалық мәлелелердің туындауына әкеліп соғуда. Бұдан өзге, су қоймалары мен өзен-көлдерді, жерасты суларын тиімді пайдалану Орталық Азия үшін өзекті мәселе болып отыр. Дүниежүзілік банк сарапшылары «су мен гидроэнергетиканы пайдалануда жаңа жүйе, жаңа технологиялар қажет», - дейді.

Үщ күнге созылатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда су ресурстары тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылып, мамандар тәжірибе алмасады.   

Әмірхан Кеншімов, Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы дирекциясы директорының орынбасары:

- Ең бірінші, мемлекеттік бағдарлама бар ғой суды басқару туралы. Соны тезірек жүзеге асыруға тырысу керек. Ол 2040 жылға дейін. Бірақ, 2020 жылға дейін соның бір кезеңі өтуі керек еді. Соны істемей жатырмыз. Ешқандай жылжу жоқ қазір. Міне, осыған атсалысу керек қазір.

Хабар 24 телеарнасы