385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде коллекторлық қызмет туралы заң жобасын жетілдіру керек – депутаттар

  • 837

Бүгін Мәжіліс депутаттары құқықтық құжаттың кем-кетігін талқылап, бірқатар ұсыныс айтты. Бір қызығы, елімізде бұл заң жобасы күшіне енбей жатып, коллекторлық компаниялар қызу қызметке кірісіп кетті. Ұлттық банк өкілдерінің сөзіне сүйенсек, бұл жаға ұстайтын жайт емес. Себебі Азаматтық кодекске сай екінші деңгейлі банк кез-келген коллекторға жүгініп, қарызын қайтарып ала алады. Сондықтан депутаттар олардың жұмысына құқықтық шектеу қойып, мүгедектер, батыр аналар және көпбалалы отбасыларға қызметті қолданбау қажеттігін айтады.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Үйіне келіп, телефон соғып, мазасын алса, бала әке-шешесінің қиналып жүргенін көреді. Ол балаға әсер етеді. Банктер ата-анасына кредит берсе, бар шараларды қолдап, бірақ коллекторлық ұйымға беруге мүмкіндік бермеу керек. Себебі олар келіп, әке-шешесін мазаласа, бала да маза таппайды. Сондықтан бала құқығын сақтау керек. Басқаларды енді берсін.

Ұлттық банк мәліметі бойынша еліміздегі жалпы несие портфелінің 20%-ы мерзімінде төленбейді. Сондықтан қаржы институттары тиісті шара қолдануға мәжбүр.

Асхат Рақымжанов, ЖСДП Астана қалалық филиалының төрағасы:

- Негізі коллекторлық компаниялар адамды заң жүзінде бопсалай бастайды. А, біздегі барлық банктерде қарызды қайтарумен айналысатын бөлімдер бар. Неге солар несиені қайтарумен айналыспайды? Коллекторлар жұмысын олар да атқара алады. Менің ойымша, коллекторлық қызметті тоқтату керек. Бұл жұмысты басқа да мемлекеттік органдар атқара алады.

Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

- Ресейлік тәжірибенің кері ықпалы бізге әсер еткендей. Соған байланысты коллекторлар беймезгіл уақытта қоңырау шалады, қорқытады деген қауесет таралды. Ондай жағдай бізде де тіркелді. Сондықтан заң жобасын дайындауда адам құқықтарына басымдық береміз.

Хабар 24 телеарнасы