384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда түйе сүтінен өмірге қауіпті химиялық заттар табылды

  • 1203

Бұл соңғы екі жылда Қазақстан және Чехия сарапшылары жүргізген зерттеулердің нәтижесі. Өңірдегі алты ауылдан түйе сүті мен шұбат сынамалары алынған. Қорытындысында тағам құрамында қауіпті элементтердің басымдығы дәлелденді. Бұл заттар қатерлі ісік шақырып, ағзаның қорғаныш қабілетін әлсіретеді.

Ойсыл қара түлігі өндіріс ошақтары мен қоқыс полигондарында жайылу кезінде токсинді заттарды жұтады. Жануарларды ластанған аумақтарға жібермей, таза жерде ұстаса, шұбат құрамы 7-8 ай ішінде, қалпына келмек. Елді мекендерді аралап, халықпен кездескен мамандар осыны ескертуде.

Светлана Могелюк, эколог:

- Тұрғындар түйе сүтін сатып аларда мұқият болғаны жөн. Жергілікті әкімдіктер ластанған аумақтарды қоршап, қоқыстарды жою жұмыстарын жүргізуі қажет. Бастысы, үй жануарларын қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы