387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әкімшілік айыппұлдар көлемі азаюы мүмкін

  • 945
Әкімшілік айыппұлдар көлемі азаюы мүмкін Фото: nalogikz.kz

Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі азаюы мүмкін. Әділет министрлігі тиісті кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындап жатыр. Құжатты дайындау барысында мемлекеттік орган қоғамның пікіріне құлақ асуды жөн санаған. Яғни еліміздің кез келген азаматы немесе үкіметтік емес ұйым өкілдері әлеуметтік желілер арқылы және қоғамдық тыңдауларға қатысып, өз пікірін білдіріп, ұсыныс жасай алады. Бүгінгі күнге дейін әкімшілік айыппұл мөлшерін төмендету, ескерту жасау қолданысын кеңейту, іс жүргізу уақытын қысқарту секілді мәселелер бойынша нақты ұсыныстар қабылданды. Кәсіпкерлер үшін де жағымды жаңалық бар. Құжат қабылданса, қандайда бір себептермен лицензиясы тоқтатылған субъектілер межелі мерзімді күтпей, құқық бұзушылықты жойған уақыттан бастап ісін жалғастыра алады.

Дархан Игембаев, ҚР Әділет министрлігі заңнама департаменті директорының орынбасары:

- 1700 құрамның ішінен 300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық туралы құрамдар бойынша әкімшілік айыппұлды қысқарту туралы ұсыныстар енгізілді. Соның ішінде нақты 70-тен астам құрам бойынша әкімшілік айыппұл азаяды деген шешім қабылданды. Ең жиі жүріп жатқан талқылаулар ең бірінші жол жүру ережесі бойынша анықталатын құқық бұзушылықтар туралы.

Хабар 24 телеарнасы