387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирия шекарасында 2 түрік сарбазы қаза тапты

  • 533
Сирия шекарасында 2 түрік сарбазы қаза тапты Фото: www.gazetevatan.com

Сирия шекарасында қолдан жасалған бомба жарылып, ауыр жараланған 2 сарбаз көз жұмды. Бұл туралы NTV haber хабарлады.  

Олар Түркия-Сирия шекарасында дуал құрылысы жұмыстарының алдында бақылау жүргізген. Дәл сол кезде қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, 2 әскери ауыр жараланған. Өкінішке қарай Газиантеп университеті медицина факультетінің жанындағы ауруханаға жеткізілген 2 сарбаздың өміріне дәрігерлер араша түсе алмады. Сарбаздардың мәйіттері әскери жиыннан кейін туған жерлеріне жіберіледі.

 

 

Хабар 24 телеарнасы