388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкекте екі бомба залалсыздандырылды

  • 545
Бішкекте екі бомба залалсыздандырылды http://ru.sputnik.kg/

Бішкектегі дүкендердің бірінің маңынан екі жарылғыш зат табылды. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме берген 24.kg хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, полицияға қаладағы Ганди көшесі мен Первомайский тұйығының қиылысында қара түсті пакеттердің жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен МҰҚК мен ІІМ қызметкерлері пакеттерде қолдан жиналған екі бомбаның бар екендігін анықтап, аталған жерді дереу оқшаулады.

Артынша бомбалар су шашатын арнайы зеңбіректің көмегімен залалсыздандырылды.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы