386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 2300-ге жуық компания банкротқа ұшырауы мүмкін

  • 824

Елімізде 2 мың 247 компания банкротқа ұшырауы мүмкін. Олардың екінші деңгейлі банктерге берешегі 286 миллиард теңге. Қарыз 2 айдың ішінде қайтарылуы керек. Бұл ретте, жеке серіктестік пен несие беруші бітімгершілік келісім орнатып, мерзімді ұзарта алады. Сондай-ақ банкроттықты оңалтудың басқа да тиімді тұстары бар. Тиісті заң былтыр күшіне еніп, жүздеген компания қауіптің алдын алды.

Ерлан Нұрланбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық бақылау департаментінің директоры:

- Қарыз болып,банкротқа ұшыраған кезде кредитор мен борышкер өздері келісімге келулері керек. Біз салық төлеу бойынша мерзімді 1 жылға дейін ұзартуға көмектесеміз. Ал кәсіпкер мен банктер арасына мемлекеттік орган араласпауға тиісті.

Хабар 24 телеарнасы