389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жүк көліктерден тізілген сағат-флешмоб (бейне)

  • 736

Шведтің Scania компаниясы өзі шығаратын жүк көліктерді бір уақытта тізіп, жүріп тұрған сағат тілінің қозғалысын бейнеледі.

Мұндай сағатты бейнелеу үшін 14 жүк көлігі жұмылдырылды. Бұл сағат тілінің жылжу барысы Швециядағы жергілікті уақытпен дәл сәйкес келеді екен. Бұл флешмобтың тікелей трансляциясын компания сайтынан көруге болады.

Қолданыстан шығып қалған әуе айлағының аймағында өтіп жатқан бұл флешмобқа 90 жүргізуші қатысып жатыр. Олар бір бірімен тұрақты түрде кезектесіп тұрады. Сондай-ақ олардың әрбірінің өзіне арналған жылдамдығы бар. Мысалы, секунд тілін бейнелеуші көліктер сағатына 13 шақырым жылдамдықпен, ал сағат шеңберінің ең шетінде жүретін көліктер сағатына 53 шақырым жылдамдықпен жүріп отырады. 

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы