387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекия Түркиядан қашып барған 8 әскеридің үшеуіне елде қалуға рұқсат бермеді

  • 439

Грекия билігі Түркиядан қашып барған 8 әскери адамның үшеуіне елде қалуға рұқсат бермеді. Олар Афины аумағына 16 шілде күні Түркияда әскери төңкеріс басталғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жеткен. Елдің әскери ұшағын ұрлап қашкан 8 шенеунік Грекия шекарасына заңсыз кіріпті. Олардың жаппай тұтқындалған себебі де сол. Қашқындардың бәрі де Грекия билігінен саяси пана сұраған. Іле-шала ресми Анкара әскерилерді сатқын деп айыптап, Афиныдан оларды түгел экстрадициялау туралы ресми сұраныс жасады. Дегенмен әскерилер өздеріне тағылған кінәні мойындамай отыр. Айта кетейік, өтініші қанағаттандырылмаған үш шенді Грекия билігіне қарсы қайта шағым түсіре алады. Ал қалған бесеуінің болашағы әзірге беймәлім.

Хабар 24 телеарнасы