386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Паллиативті көмек көрсетуде дәрі-дәрмек түрін көбейту керек

  • 1974

Паллиативті көмек көрсету кезінде ауырсынғанды басатын күшті препараттарды қолдану керек. Өйткені мұндай дәрі-дәрмектер ауыр дертке шалдыққан науқастың ағзасына тез әрі ұзақ әсер етеді. Бүгін елордада өткен халықаралық конференцияда осы мәселе көтерілді. Дәрігерлердің айтуынша, елімізде науқастарға тән азабын сездірмеу үшін көптеген ем-дом жасалады. Оның егетін немесе қолдан тамақтандыратын бірнеше тәсілі бар. Бірақ қазақстандық дәрігерлер 4-дәрежелі ауру түріне мұндай емдік шаралар ұзаққа дейін әсер ете алмайды дейді. Ал есесіне, күшті препараттар науқастың өмірін әлдеқайда ұзартады.

Мұхтар Төлеутаев, қалалық онкологиялық орталықтың бас дәрігері:

- Дүние жүзінде таңдай астына, тіл астына салып ауырғанды басатын дәрілер бар. Таблетка түрінде ішіп, опиумның негізінде жасалған дәрілер бар. Соның біздің елімізде тізімі өте шектеулі. Елімізде рұқсат беретін құзырлы мекемелер бар ғой, солар арқылы бірігіп, бір заңды жолымен алса болады. Олар өте арзан.

Хабар 24 телеарнасы