386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия Сирияның әуе кеңістігін уақытша жабуға шақырды

  • 480
Германия Сирияның әуе кеңістігін уақытша жабуға шақырды blogspot.com

Германия Сирияның әуе кеңістігін 3-7 күнге жабуға шақырды.

Бұл туралы Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер сөз қозғады, деп хабарлайды ТАСС.

«Егер бітімге әлі де қол жеткізуге болатын болса, онда азғантай уақытқа болса да Сирия әуе кеңістігін, кем дегенде 3 күнге жаба тұруымыз керек. Бұл мерзім бір апта болып келісілсе, тіпті жақсы болар еді», - деді дипломат.  

Оның айтуынша, «қазір Сириядағы ахуал қауіптілігі жағынан шекке тіреліп тұр».

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы