375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

  • 649
Елордада үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті Фото: astana.gov.kz

Елордада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы аясында 58 нысан тұрақты бақылауға алынды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған нысандардың құрылысында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдары сақталмаған, сондай-ақ өндірістік жұмыстар кестеден айтарлықтай кешіктіріліп жатыр.

Тиісті бұзушылықтар қала тұрғындарының өтініштері бойынша және кезекші жоспар жасаудың нәтижесінде анықталды. Анықталған фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Әрбір нысан бойынша құрылысты аяқтау жөніндегі нақты алгоритм әзірленді. Нысандар тұрақты бақылауға алынды және мемлекеттік органдар өз құзыреттілігі шегінде белгіленген тәртіпте салушыларға анықталған ескертулерді жоюға көмек көрсетеді.

Бұл ретте қала әкімдігі нысандарды мемлекет қаржысы есебінен аяқтау мүмкін еместігін алға тартты.

 

Нысандардың толық тізімімен төменде тіркелген файлдан танысуға болады.

Хабар 24 телеарнасы