388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстаулық жастар мәнерлеп оқудан жарысты

  • 1038

Қазақстан халқының тілдері күні Ақтауда мәнерлеп оқудан байқау өтті. Достық үйінің сахнасында түрлі ұлыс өкілдері хакім Абайдың, Олжас Сүлейменовтің, Пушкиннің және басқа да ақын-жазушылардың өлеңдерін үш тілде оқыды. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының өкілдері байқауға қатысатын үміткерлерді аймақтағы жоғары оқу орындары мен мектептерден екі апта бойы іріктеген. Айта кетейік, мемлекеттік тіл саясатын дамыту ісіне өңірдегі 21 этномәдени бірлестік пен жексенбілік мектептер өз үлесін қосып отыр. 

Гүлжан Исмурзина, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

- Біздің Елбасымыз айтқандай, біздің жастарымыз міндетті түрде үш тілді меңгеруі керек. Маңғыстаудың жастары болашақта өздерін көрсетеді. Біздің Қазақстан қоғамына еңбегі сіңеді деп және Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосады.

Хабар 24 телеарнасы