380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде қаза тапқан өрт сөндірушілердің отбасыларына өтемақы төленеді

  • 522

Мәскеуде пластик өнімдері қоймасындағы тілсіз жауды ауыздықтау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілердің отбасыларына 1 млн рубльден өтемақы төленеді. Сонымен қатар марқұмдарды жерлеу рәсімінің шығынын қала мэриясы өз мойнына алады.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйекте Ресей астанасында пластик өнімдері сақталатын қоймада өрт болған еді. Салдарынан төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері ажал құшқан. Жалпы, 4 мың шаршы метрді шарпыған қызыл жалынды сөндіруге бас-аяғы 160 маман қатысты. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Құқық қорғаушылардың пайымдауынша, өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.   

Хабар 24 телеарнасы