385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Египет жағалауында апатқа ұшыраған кемеде қаза тапқандар саны артты

  • 698

Жерорта теңізінің Египет жағалауында апатқа ұшыраған кемеде қаза тапқандар саны 168 адамға жетті. Еске сала кетейік, бортында 600-ге жуық мигрант отырған кеме 21 қыркүйекте Рашид қаласының маңында суға батқан еді. Жергілікті құтқарушылар мен балықшылар 160-тан астам босқынды жағаға аман алып шықты. Қалғандары ажал құшқан түрі бар. Су көлігінде болғандардың дені Судан, Сирия, Сомали және Эритрея мен Мысыр азаматы. Олардың әрқайсысы Еуропаға жету үшін заңсыз тасымалдаумен айналысатын қылмыскерлерге 2 мың доллардан төлеген.

Хабар 24 телеарнасы