384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Boeing экипажы әуеден жерге бірнеше тонна керосин төкті

  • 706
Boeing экипажы әуеден жерге бірнеше тонна керосин төкті http://www.leparisien.fr/fontainebleau-77300/un-boeing/ керосин төккен Боинг

Париж маңындағы Фонтенбло орманының үстімен ұшып бара жатқан Air France ұшқыштары бірнеше тонна керосинді әуеден жерге төкті, деп хабарлайды Le Parisien.

Пилоттар мұндай ысырапқа амалсыздан барған. Себебі Орли қаласынан Гайанаға ұшқан жолаушылар ұшағы әуедегі сапар кезінде кенеттен бұзылған. Техникалық ақауды түзету үшін кері бұрылған лайнердің ұшуын жеңілдету үшін экипаж авиациялық отынның жартысынан көбін орманның үстіне төгуге мәжбүр болды.

Мұны естіп білген сол жердегі Фонтенбло коммунасының мэрі Фредерик Валету бұл жәйтті «барып тұрған өрескелдік» деп атады.

«Бұлай етуге рұқсат берудің түбі жанжалға апарады. Фонтенбло орманына жылына  10 млн адам келіп аралайды. Бұл мемлекет тарапынан қорғалатын табиғи аймақ», - деп жазды мэр.

Air France апатты жағдай туындауына байланысты керосинді орман үстіне төккендерін растады.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы