389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұрлы жол» аясында салынатын пәтерлердің ауданы қысқартылады

  • 549

Келер жылдан бастап «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын баспаналардың ауданы 65 шаршы метрден аспауы тиіс. Өйткені, ол құрылыс компанияларын қосымша шығынға батырып, жобалау-сметалық құжаттарын келісу рәсімін 6 айға дейін ұзартып жібереді. Ал, компаниялар бұған дейін ауданы 80 шаршы метрге дейінгі жобаларды әзірлеп қойған. Бірақ, келісім өзгертілгендіктен, бұрын әзірленген жобаларды қайта қолдана алмайды. Ұлтық экономика министрінің айтуынша, келер жылы мемлекет қаржысына елімізде қосымша 33 мыңнан астам пәтер салынады. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасының тетігі қараша айының соңына дейін әзірленіп, кейін қоғам талқылауына ұсынылады.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Ерекше айта кететін қағида, инфрақұрылымға қаражат қайтарымды түрде берілуі тиіс. Өйткені қазір кезекте 1 млн-дан астам азамат тұр. Әрине, соның бәрін инфрақұрылымға, учаскелерге сұранысты қамтамасыз етуге үлкен қаражат керек. Ол қаражатты қайтарымды түрде біз салмасақ, сол кезек ұзаққа созылып кетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы