387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франциядағы «Джунгли» жыл соңына дейін бұзылады

  • 723

Францияның Кале қаласының іргесінде заңсыз құрылған шатырлы лагерь жыл соңына дейін бұзылады. Және ондағы мигранттардың барлығы өзге орталықтарға көшіріледі. Бұл туралы лагерьге барып қайтқан ел президенті Франсуа Олланд мәлімдеді. Француздар арасында «Джунгли» деген атауға ие болған баспана жергілікті жұрттың наразылығын тудырып отыр. Сөздеріне сүйенсек, босқындар заңға бағынбай, өз беттерінше өмір сүреді. Қазір «Джунглиде» 10 мыңға дейін мигрант тұрады. Дені Судан, Ауғанстан және Эритрея азаматтары. Олар Ла-Манш бұғазы астындағы туннель арқылы Ұлыбританияға жетуді көздейді.

Франсуа Олланд, Франция президенті:

- Біз Кале қаласы мен оның төңірегіндегі қоғамдық тәртіпті сақтап, тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Сонымен қатар мигранттардың жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасауға барынша тырысып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы