388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтар құрылымы өзгертілетін болды

  • 1425

Алпыс сұрақ стандартты түрде болса, тағы алпысы талапкердің таңдаған мамандығына қатысты қойылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткізілген брифингте Білім және ғылым министрі мәлімдеді. 

Айта кетейік, келер жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі 2 кезеңнен тұрады. Бітірушілер алдымен мектепте мемлекеттік емтихан тапсырады. Кейін таңдаған мамандығы бойынша тестілеуден өтеді. Сондай-ақ тестілеуді қайта тапсыруға да мүмкіндік бар.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Емтиханды мектепте өткен химия, физика, биология, қазақ және орыс тілдері сынды міндетті пәндер бойынша тапсырады. Яғни бұрынғы жүйе қайтадан қолға алынып отыр. Қазір Ұлттық бірыңғай тестілеудің жобасы дайын. Біз педагогтар қауымдастығымен талқылап жатырмыз. Бұдан кейін министрліктің сайтына жариялап, қоғамның талқысына шығарамыз. Әзірге 160 сұрақ болады деп жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы