387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда су бетінде қалқып тұратын эко-жатақхана пайда болды

  • 804

Дания астанасы Копенгагенде ерекше жатақхана пайда болды. Ол теңіз контейнерлерінен салынған және су бетінде қалқып тұрады. Кешенде бас-аяғы 12 пәтер бар. Электр энергиясы олардың төбесіне орнатылған күн батареяларынан алынады. Оның үстіне қоршаған ортаға зиянды заттар бөлмейтіндіктен, экологиялық таза саналады. Негізі Копангаген әлем бойынша тұрғын үйлері ең қымбат қалалардың бірі. Ал мына баспанада студенттер айына 650 еуро төлеп тұра алады. Енді алғашқы тұрғындар қазанның аяғында қоныстана бастауы тиіс. Келесі жылы жоба авторлары көршілес Швецияда да осындай кешен тұрғызуды жоспарлап отыр.

Александр Лудруп, Мurban Riggers компаниясының басшысы:

- Студенттер таза ауамен тыныс алып, теңіз жағасында тұра алады. Бұл қаланың қарбалас тіршілігінен мезі болған жандар үшін тамаша мүмкіндік.

Хабар 24 телеарнасы