389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында заңсыз ауланған 187 келі бекіре тәркіленді

  • 603

Маңғыстау облысында тәртіп сақшыларының кезекті рейд кезінде 187 келі заңсыз ауланған бекіре балығы тәркіленді. Моторлы қайық мінген 6 адам қайтар жолда полицейлердің қолына түсті. Браконьерлерді тінту кезінде балықтан бөлек 12 калибрлік төрт дана аңшы мылтығы табылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің бірі Түпқараған ауданы, қалғаны Ақтау қаласының тұрғындары екені анықталды. Ал дәстүрлі рейд облыс орталығы мен оған іргелес аудандарда жалғасуда.

Жандос Сүлейменов, облыстық ІІД Табиғат қорғау полиция бөлімінің инспекторы:

- 8 күн ішінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ҚР ӘҚжК-нің табиғат қорғау саласы бойынша 85 құқықбұзушылық дерегі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы