386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017 ойындарына 3 мың ерікті жұмылдырылмақ

  • 741

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарына еріктілерді іріктеу басталды. Қысқы Универсиада ойындарына жалпы саны 3 мың ерікті жұмылдырылмақ. Қазір оған атсалысуға 6 мыңға жуық адам ниет білдіріпті. Арасында Ресей, АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Қырғызстан мемлекеттерінен де ұсыныстар  бар. Жалпы 3 мың еріктінің 2800-і алматылық, ал бір жүзі еліміздің өзге өңірлерінен және тағы бір жүзі шет мемлекеттердің азаматтары болады. Бұл мақсатқа бюджеттен 200 миллион теңге қарастырылған.

Айта кеткен жөн, 18 жастан 80 жасқа дейінгі ерікті боламын дейтін азаматтар әлі де өз өтініштерін Универсиаданың ресми сайтына жібере алады.

Абылай Қондыбаев, «Универсиада-2017» дирекциясы еріктілермен жұмыс департаментінің басшысы:

- Тамақтандыру, орналастыру, аккредитация, IT бағытындағы негізгі жұмыстарды істейтіндер еріктілер болады. Ағылшын тілін білуі керек, бірақ барлық позицияларда ағылшын тілін білуі міндетті түрде емес. Студент болса, оқу үлгерімі жақсы болуы тиіс. Халықаралық еріктілерге берілген квотаның саны – 100. Жүз еріктіні скайп-конференция арқылы таңдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы