386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузияда депутаттыққа үміткерлер тікелей эфирде төбелесті

  • 625

Грузияда парламент депутаттығына үміткерлердің тікелей эфирдегі сұхбаты қып-қызыл төбелеске ұласты. Екі азамат жергілікті телеарнаның арнайы бағдарламасына қатысып, қызу пікірталасқа түседі. Кейін дөрекі сөздерге көшеді, одан жеңіс таппағаннан кейін үміткерлердің бірі екіншісіне стақан сілтейді. Ашуға булыққан апталдай азаматтар соңында жаға жыртысып, бір-біріне жұдырық ала жүгіреді. Оларды ажыратуға тырысқан бағдарлама жүргізушісіне де соққы тиді. Сөйтіп тікелей эфирдегі теледебат уақытынан бұрын аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы