386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда көпқабатты үйлер жаңғыртылуда

  • 521

Павлодарда тұрып жатқан үйлерін жаңғыртуды қалайтындардың саны артып келеді.

Бұған Тұрғын үй қорын модернизациялау бағдарламасына тұрғындардан түсіп жатқан өтініштер дәлел. Осы бағытта 5 жыл ішінде қаладағы 169 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пәтер иелерінің қаражаты есебінен 189 үй ретке келтірілген. Жалпы облыс бойынша жөндеуді қажет ететін үйлердің саны 33 пайызға азайды. «Модернизация бірнеше бағытты қамтиды», - дейді мамандар. Үйдің инженерлік желілері ауыстырылып, төбелері жабылады. Терезелері қуат көздерін үнемдейтін шыны пакеттерге алмастырылады. Сондай-ақ жылу энергиясын есептейтін автоматтандырылған жылу пунктерінің орнатылуы тұрғындардың қаржысын айтарлықтай үнемдеген. Айта кетерлігі, жаңарту жұмыстарына заманауи материалдар қолданылады.

Наталья Манторова, серіктестік директоры:

- Біз заман талабына сай келетін материалдарды қолдануға тырысамыз. Соңғы екі үйге автоматты жылу бекеті орнатылды. Олардың біреуі сынақтан өтіп үлгерді. Тұрғындар риза, соған қарап, дұрыс жолды таңдадық деп ойлаймыз. Өйткені қаржы жағынан үнемді.

Қизат Жақыпов, Қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы:

- Біз әлі де түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бірақ 11-12 жылдары жиналыстар өткізгенде көптеген сауал түсетін. Түсініспеушіліктер де болды. Қазір жағдай өзгерген. Тұрғындар пәтер иеленуші кооперативтеріне келіп, жазбаша да, ауызша да өтініш жазып, үйлеріндегі ақауларды жоюды сұрайды. Бұл механизм жұмысын ары қарай да жалғастыра бермек.

Хабар 24 телеарнасы