384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында апатты мектептердің проблемасы 2018 жылға дейін шешіледі

  • 865

Ақтөбе облысында апатты мектептердің барлығы 2018 жылдың соңына дейін толықтай қалпына келтіріледі.

Бүгін бұл туралы осы өңірдің облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов журналистерге мәлімдеді. Ал үш ауысымды білім ошақтарының мәселесі 2020 жылға дейін шешімін таппақ. Биылдың өзінде аймақта 4 орта білім беру мекемесі іске қосылса, келер жылы тағы жетеуінің құрылысы басталады деп жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, кеше Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев елімізде 156 апатты және 3 ауысымды мектеп бар екенін баяндап, бұл сұрақты 2018 жылдың соңына дейін шешуге уәде берген болатын.

Асқар Шериязданов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

- Биылдың өзінде біз 4 мектепті іске қостық. Соның арқасында 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді. Келер жылы 7 мектептің құрылысы басталады деп отырмыз. Ол бойынша өтінішті біз Білім және ғылым министрлігіне бердік және Ұлттық экономика министрлігімен жұмысты жасап қойдық. 

Хабар 24 телеарнасы