386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада Павлодар облысындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

  • 609

Қызылордада Павлодар облысындағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Осылайша 40-қа жуық павлодарлық кәсіпорын Арал маңы тұрғындарына 200-ден астам жұмыс орнын ұсынды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының қолдауымен өткізілген шарада, әсіресе, техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары болды. Мәселен, көрші өңірдегі ауылдық жерлерде тракторист, механизатор, электрик және көлік жүргізушілер тапшы болып шықты. Жалпы, жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту бөліміне екі қолға бір күрек іздеген 11 мың адам келген. 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал жәрмеңкеге жұмыс іздеген 500 шақты адам қатысты. Олардың арасында 15 жыл трактор тізгіндеген кәсіби жүргізуші Гариб Исаев та бар.

Гариб Исаев, Шиелі ауданының тұрғыны:

- Түйіндемемді 1 ай бұрын тапсырдым. Осы жұмыс болса, Павлодар облысына отбасыммен көшіп баратын. 2 балам, әйелім бар. Мамандығымтракторист. Жағдайымыз болып жатса, Павлодар жаққа көшкіміз келеді.

Жанар Дәулетбаева, Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

- Қоныс аударушыларға республикалық бюджет есебінен субсидия төленеді. 50 АЕК, яғни 106 мың теңге отбасы иесіне, ал отбасы мүшелеріне 35 АЕК - 70 мың теңгенің аралығында көшуіне материалдық көмек беріледі. Сондай-ақ сол жақтағы жұмыс берушілердің келісуімен 5 жыл көлемінде тұратын арендаға үй беріледі. Үй ақысы қымбат емес. Айына 4 мың теңге. Ал 5 жылдан кейін тұрақты үй-жай беріледі.

Хабар 24 телеарнасы