385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Astana Leisure халықаралық туристік көрмесі ашылды

  • 909
Астанада Astana Leisure халықаралық туристік көрмесі ашылды Фото: leisure.kz

Бүгін Астанада «Көрме» орталығында Astana Leisure Қазақстан халықаралық туристік көрмесі ашылды. Аталған көрме 1 қазанға дейін жалғасады.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлайды.

Astana Leisure Орталық Азиядағы ірі туристік форумдардың бірі және оның алаңына туристік индустрияның көшбасшылары мен мамандары бас қосады. 2015 жылы көрмеге 25 елден 95-тен астам компания қатысты. Өткен жылы Astana Leisure көрмесінің жалпы аумағы 1600 шаршы метрді құрады. Үш күнде көрмеге Қазақстан, Ресей, алыс және жақын шетелден, атап айтқанда Аргентина, Венгрия, Испания, Италия, Қытай, Түркия және басқа да елдерден 2 мыңнан астам адам келді.

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, Astana Leisure Қазақстанның туристік имиджін қалыптастырып, нығайтуға және отандық туристік өнімдерді әлемдік нарыққа шығаруға, елімізге келетін шетелдік туристердің қатарын арттыруға бағытталған шаралардың бірі. Аталған көрме қазақстандық туристік ұйымдардың әріптестік байланыс орнатып, өзара тиімді келісімдер жасауына қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал етудің нақты механизмі болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы